Қоғам
1 мин оқу 231

Әлеуметтік төлемдер мөлшері артады

<p style="text-align: justify;">2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері артады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.</p>

Әлеуметтік төлемдер мөлшері артады

Атап айтқанда, құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемле­кеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген.

Аталған қаражат еңбекке қабілет­тілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айы­рылған 59 мың отбасын қамтиды. Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеу­меттік кодекске сәйкес Үкімет еңбекке қабі­леттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.

Бөлісу:
Әлеуметтік төлемдер мөлшері артады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар