ANTIKOR
1 мин оқу 310

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғаны расталды

<div class="description" style="text-align: justify;">ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әділет министрлігінің бұрынғы басшысы Марат Бекетаевтың қамауға алынғанын растады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

«Бұрынғы Әділет министрі М.Бекетаевтың ұсталғанын растаймыз. Күдікті соттың рұқсатымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды», делінген ANTIKOR хабарламасында.

Айта кетсек, Марат Бекетаев «лауазым өкілетін асыра пайдалану» бойынша күдікке ілінді. Агенттік өкілдерінің айтуынша, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарт жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдап, мемлекетке үлкен зиян келтірген.

Бөлісу:
Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғаны расталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар