Жануарлар
1 мин оқу 650

Арқар саны артып келеді

<p style="text-align: justify;">Маңғыстаудың маң дала&shy;&shy;сының сәнін келті&shy;ретін аңдар&shy;дың бірі &ndash; арқар. Пір Бе&shy;кеттің асырауында бол&shy;ған тү&shy;лік саналатындықтан өңір тұрғындарының ұғы&shy;мында арқарға деген құрмет айрықша. Бір жылдары әртүрлі себеп&shy;пен саны азай&shy;ған ар&shy;қардың басы қазір қай&shy;та көбейіп келеді.</p>

Арқар саны артып келеді

Қазанның мамыражай бір ап­талығында тау мен тас­­ты мекен еткен арқар­лар­­­ға санақ жүргізілді. Нақ­тырақ айтсақ, барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақ­тарда «Охотзоопром» ӨБ РМҚК және Зоо­логиялық инсти­ту­тының қыз­меткерлері тарапы­нан жоспар­ға сәйкес санақ жұмыстары жүрді. Санақ нә­тижесінде Қызыл кітапқа енген, жойылу қаупі бар тұяқты жабайы аңдардың, соның ішінде арқар санының өскені бай­қал­ды. Соңғы үш жыл бойын­ша өсім саны 18%-ды құ­райды. 2021 жылы арқарлар саны 861, 2022 жылы 1026 болса, 2023 жылы 1059 басқа артқан.

Маңғыстау облысы аума­ғында 1 өңірлік табиғи «Қы­зылсай» паркі, «Жабайұшқан», «Манашы», «Тасорпа», «Адам­тас» сынды өңір­лік та­биғи қау­малдар бар. Қау­мал қыз­мет­керлерінің еңбегі нәти­же­сінде 2023 жылы қаумал аумақ­тары бойынша 42 бұлақ көзі ашылды. Қолдан суару әді­сімен құдық басына астау орнатылып, сырты қоршалды. Рейдтік шаралар үздіксіз жүр­гізіліп, өрт қауіпсіздігі бойынша бақылау күшейтілді.

Арқар санының артуы да­ла аң­дарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың же­місі деуге негіз бар.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Арқар саны артып келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар