Хоккей
1 мин оқу 161

Жеңіске жетті

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың &laquo;Барысы&raquo; тұрақты біріншіліктегі кезекті ойынын Қытайдың &laquo;Куньлунь Ред Стар&raquo; командасымен өткізді.</p>

Жеңіске жетті

Қазіргі таңда екі ұжым да ҚХЛ-дің турнир кестесінде соңғы орындарда қатарлас келе жатыр. Сондықтан жоғары орындарға көтерілу үшін екі командаға да жеңіс ауадай қажет еді. Мәскеудегі «Арена «Мытищи» спорт кешенінде өткен бәсеке ә дегеннен аса тартысты басталды. Ойынның есебін 7-минутта «Барыс» ойыншысы Давид Скленичка ашқанымен, екінші кезең бас­талған бетте «Куньлунь» сапынан Нолан Мойл таразы басын теңестіріп кетті – 1:1. Арада екі минут өткенде Михаил Рахманов «Барысқа» қайта басымдық сыйласа, үшінші кезең аяқталар тұста Девин Броссо дәлдік танытып, есепті 2:2-ге жеткізді.

Сөйтіп, ойынның негізгі кезеңі тең нәти­жемен аяқталған соң, бәсеке овертаймға ұласты. Қосымша уақытта да жеңімпаз команда анықталған жоқ. Ал буллиттер серия­сында «Барыстың» бағы жанып, қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді – 3:2.

Бөлісу:
Жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар