Алматы
1 мин оқу 202

Бағдарламалау мектебі

<p style="text-align: justify;">Алматыда &laquo;Яндекс&raquo; бағдарламалау мектебінің кезекті курсы басталды. 2017 жылдың қазан айында Астана және Алматы қалаларында басталған IT негіздерін меңгеруге оқушылардың қызығушылығы өте жоғары.</p>

Бағдарламалау мектебі

Бағдарламалау мектебі IT саласына, нақты ғылымдарға қызығушылық танытатын 8-10-сынып оқушыларына ар­нал­­­ған. Мұнда тәжірибелі оқыту­шы­лар балаларға сұранысқа ие бағ­дарламаларды үйретіп келеді.

– Алғашқы күннен бас­тап мектепке қызығушылық жо­ғары болды. Балалардың да IT әліппесін меңгеруге деген құл­шынысы зор. Өйткені заманауи білім ең беделді деген жоғары оқу орындарына түсуге, табы­сы жоғары жұмыс орында­рына орналасуға мүмкіндік береді, – дейді республикалық физи­ка-математика мектебі дирек­торының орынбасары Гүлнұр Әубәкірова.

Қазақстандағы «Яндекс GO» басшысы Тайыр Байдүйсеннің айтуынша, елімізде IT негіздерін оқытуға деген сұраныс өте жоға­ры. «Ендігі кезекте екі қаламен шектелмей, басқа өңірлерді де қамтуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде жоба Петропавл, Талдықорған және Қостанайда іске аса бастады», деді ол.

Жас таланттар үшін жағым­ды тосынсыйлар мұнымен біт­пейді. Бағдарламалау мек­тебінің түлектері білім беру бағ­дарламаларына қол жеткізе отырып, Django, GameDev ин­тер­фейстерін құру, junior-әзір­леушілердің дағдыларын игеріп, ма­шиналық оқыту және басқа да бағыттар бойынша онлайн курс­тарда заманауи IT машықтарды мең­гереді.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Бағдарламалау мектебі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар