Білім
1 мин оқу 170

Сербияға жолдама алды

<p style="text-align: justify;">Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Азат Қаппанов республикалық &laquo;Ел үміті CUP 2023&raquo; дебатында &laquo;Үздік спикер&raquo; атанып, командалық ойында 2-орынды иеленді.</p>

Сербияға жолдама алды

Ағылшын лигасы бойынша ал­ғырлық танытқан жас пікір­сайысшы енді Сербия мемлеке­тінде өтетін ха­лықаралық дода­ға ел атынан қатысатын болды.

Азат Астана қаласында өткен гранд-турнирде Оралдағы Әлия Молдағұлова атындағы №38 мек­теп-лицейінің оқушысымен бірге бір командада сайысқа түсті.

– Бұл турнирге бір ай бойы дайын­далдым. Қазақстанның әр түк­пірінен ең мықты деп ірік­телген 40 шақты пікірсайысшы жи­налды. Олардың арасынан озық атану – мен үшін үлкен жетіс­тік. Еліміздегі және жас­тар ара­­сындағы өзекті тақырыптарды қозғадық. Әрине, сабақпен қо­са бұл сайысқа әзірлену оңай болмады. Ал­дағы уақытта ха­лықаралық деңгейде өтетін ағыл­­шын лигасында ел намысын қор­ғауға бар күшімді саламын, – дейді Азат.

Айта кетейік, халықаралық са­йысқа аттанғалы отырған үздік де­бат­шы өзі оқитын мектептегі «Па­ра­сат» дебат үйірмесінің белсенді мүшесі.

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Сербияға жолдама алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар