Қоғам
1 мин оқу 202

Ассамблея кафедрасына – 10 жыл

<p style="text-align: justify;">Республика күні мен Қа&shy;зақ&shy;стан хал&shy;қы Ас&shy;самблеясы кафед&shy;ра&shy;сының 10 жылдығына орай &laquo;Шаңырақ&raquo; ҚХА кафедралары, ор&shy;талықтары, кол&shy;ледж&shy;&shy;дері мен өкіл&shy;дік&shy;тері қауым&shy;дасты&shy;ғы&shy;ның І форумы өтті. Л.Н.Гуми&shy;лев атында&shy;ғы Еуразия ұлттық уни&shy;ве&shy;р&shy;&shy;ситетінде ұйымдас&shy;тырылған іс-шарада білім ордасы мен ҚХА арасында Ынты&shy;мақ&shy;тас&shy;тық туралы мемо&shy;рандумға қол қойылды.</p>

Ассамблея кафедрасына – 10 жыл

Тұрақтылықты, этносаралық келісімді қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңыз­ды басымдықтарының бірі. Бұл ретте еліміздегі жоғары оқу орындары ғылыми база болып саналады. Осылайша, этносаралық татулық пен келісімді нығайтуда, этносаясат­ты насихаттау бағытында Қазақстан хал­қы Ассамблеясы кафедраларының қауымдас­тығы құрылған еді.

– ҚХА кафедралары 10 жыл ішінде ғылы­ми-білім беру, оқу-әдістемелік, әлеуметтік-тәрбиелік, қоғамдық-маңызды және ғылыми-сараптамалық бағыттарды қамтитын бірың­ғай жүйе құрды. Қазақстан бірлігін ны­ғай­­тудың жаңа пәрменді құралдарын құру этнос­аралық келісім саласындағы мем­ле­кет­тік саясатты тиімді іске асыру үшін инс­ти­­туционалдық және инфрақұрылымдық базаны күшейтуге мүмкіндік береді, – деді Ассам­блея төрағасының орынбасары Марат Әзілханов.

Форумда қоғамдық келісім мен жалпы­ұлттық бірліктің отандық моделін, сондай-ақ студенттер арасында толеранттылық пен бірлікті насихаттауда бірыңғай ғылыми және оқу-әдістемелік тәсілдерді әзірлеу мәсе­лесі кеңінен сөз болды. Осыған байланыс­ты пленарлық сессия барысында БАҚ-та ҚХА кафедраларының мәртебесін көтеру, ғылыми-сараптамалық, білім беру және ағартушылық бағытында ақпараттық-түсін­діру жұмыста­рын ілгерілету сұрақтары жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ «Этно­саясаттанушы» коуч-платформасын құру идеясы ұсынылды. 

Бөлісу:
Ассамблея кафедрасына – 10 жыл · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар