Жаңа жылдан бастап қандай төлемдер өседі?
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өседі. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлемдерді 7 пайызға арттыру көзделгені жазылған.
Бұл өсім еңбекке қабілеттілігі жоқ 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасыны қамтиды. Бұл мақсаттарға 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.
Айта кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін төлемдердің көлемін жыл сайын арттырып отырады.