Қоғам
1 мин оқу 693
25 қазан күні интернет өшірілетіні рас па? Министрлік жауабы
<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желіде Қазақстанда 24-25 қазан күндері интернет өшіріледі деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ішкі істер органдары жалған хабарлама таратушыны іздестіру шараларын жүргізеді. Ішкі істер министрлігі азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырады және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді», делінген хабарламада.
Айта кетейік, 25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі.
Бөлісу: