Құтқарушы
1 мин оқу 330

Ерлік жасадым деп есептемеймін

<p style="text-align: justify;">Өз басым ауыз толтырып айтарлықтай ерлік жасадым деп айта алмаймын. Адам ретінде қиын жағдайға тап болған жандарға қолұшын создық. Соған қарамастан кішігірім еңбегімді бағалап &laquo;Ерлігі үшін&raquo; медалін табыстап жатқан ел басшыларына рахмет айтамын. Бұл марапатты Президенттің өз қолынан алғанымды мақтан тұтамын.</p>

Ерлік жасадым деп есептемеймін

Мен Теміртау қаласында өрт сөндіру көлігінің жүр­гізушісі болып еңбек етемін. Биыл наурыз айында мен ең­бек демалысында едім. Өзім тұратын пәтер 2-қабатта еді. Бір күні үстіміздегі 3-қабат­тағы пәтерде газ жарылды. Кі­ре­беріске шығып едім, үс­тін­дегі киімі түгел жанып кеткен бір әйел баспалдақпен түсіп келе жатыр. Зайыбым екеуміз оны ішке кіргізгенде «Балалар, балалар!» дей берді. Сөйтсе, пәтерде тағы бір әйел және 4 кішкентай бала бар екен. Оларды да өртеніп жат­қан үйден дер кезінде алып шықтық.

Бір әттеген-айы, сол оқи­ға­дан кейін 15 пәтерлі біз­дің көпқабатты үйіміз тұруға қауіпті делініп, бәрімізді шы­ғар­ды. Міне содан бері 8 ай өтті. Жөндеп береміз деп уәде беріп еді. Бірақ әлі күнге өз үйімізге орала алмай жатыр­мыз. Қазір қызымыздың үйін­де тұрып жатырмыз. Оның өзі көпбалалы отбасы. Үйіміз­ді тезірек жөндеп, шаңырағы­мызға қайта оралсақ дейміз.

Талғатбек ТӨЛЕУБАЕВ,

өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі

 

Теміртау қаласы 

Бөлісу: