Спорт
1 мин оқу 200
Жүзуден қола медаль олжалады
<p style="text-align: justify;">Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия Пара ойындарында жүзудің комплекстік эстафета сайысынан қола медаль бұйырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>

Пара жүзушілеріміз Зүлфия Ғабидуллина, Сиязбек Далиев, Наталья Звягинцева, Айсұлтан Құлқаев төрттігі 4х50 метр қашықтыққа аралас комплекстік эстафетада көмбеге 3:03.74 уақытта жетіп, қола жүлдені олжалады. Азия Пара ойындарының алтын медалін Қытай командасы, күміс жүлдені Жапония спортшылары иеленді.
Бөлісу: