Мәдениет
1 мин оқу 170

Сазды әлемімен сүйсінтті

<p style="text-align: justify;">Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда көрнекті композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Мұхамеджановтың &laquo;Менің жыр әлемім&raquo; атты шығармашылық кеші өтті.</p>

Сазды әлемімен сүйсінтті

Рухани келісім күніне арналған әсем сазға толы кеште елордалық филармонияның симфониялық оркестрінің, камералық хордың және солистердің орындауындағы композитордың үздік шығарма­лары орындалды. Соның ішінде 1979 жылы жазылған «Махамбет» симфониялық поэмасын ерекше айтуға болады. Бұл туындыны кезінде Ресей Федерациясының Мем­­лекеттік симфониялық ор­кес­трі орындаған. Драмалық шы­ғарма жалынды жыршы Ма­хамбет Өтемісұлына арналған.

Концерт барысында кеш иесінің «Қалың елім, қазағым, қай­ран жұртым», «Туған жер», «Дала», «Тағзым» және тағы басқа да шы­ғар­малары шарықтады.

Сондай-ақ Төлеген Мұхамед­жановтың көңілдің қылын шер­тетін музыкасы бірқатар көр­кем фильмдер арқылы да жақсы таныс. Кеште тыңдармандарды ком­позитордың Талғат Теме­новтің «Ма­­хаббат бекеті», «Адам­дар ара­­сын­дағы бөлтірік», «Біздің қа­ла­ның кіш­кентай ханзадасы», Дос­­хан Жолжақсыновтың «Бір­­жан сал», «Құнанбай» фильм­де­ріне жазған сазды әуен­дері сүй­сінтті.

Шығармашылық кеште Қа­зақстанның және Татарстанның ха­лық әртісі, Мемлекеттік сый­лық­­тың лауреаты Нұржамал Үсен­­бае­ва, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ал­тын­бек Әбілда, скрипкашы, Қа­зақ­станның еңбек сіңірген қай­рат­кері Бағдат Әбілханов, күйші Ай­бек Бекбосын өнер көрсетті.

Бөлісу: