Сайлау
1 мин оқу 230

Сайлауға дайындық талапқа сай ма?

<p style="text-align: justify;">20-25 қазан күндері Орта&shy;лық сайлау комиссиясы төраға&shy;сының орынбасары Конс&shy;тантин Петров аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері мен қалалық мәслихат&shy;тар депутаттарын сайлауға дайын&shy;дық аясында жергілікті комиссия&shy;лар&shy;ға құқықтық, әдістемелік, ұйым&shy;дастырушылық көмек көрсету үшін Ақтөбе облысына барды.</p>

Сайлауға дайындық талапқа сай ма?

Ойыл, Қобда, Ырғыз аудандарында және Ақтөбе қаласында облыстық сайлау комиссияларының мүшелерімен кездескен ол әріптес­терімен алдағы сайлауды ұйым­дастыру мен өткізуге, үгіт-насихат қызметінің құқықтық реттелуі­не, мүгедектігі бар азамат­тар­­дың сайлау құқықтарын қамтама­сыз етуге, байқау­шылардың, үміт­кер­лердің сенім білдірілген адам­дарының, бұқаралық ақпарат құрал­дары өкілдерінің жұмыс жағдайларына қатысты нақты мәселелерді талқылады.

ОСК төрағасының орынбасары аудандық сайлау комиссия­ларының учаскелік сайлау комиссиялары мүшелері үшін өткізген оқу іс-шараларына қатысты. Ұйымдас­тырылған оқу тренингтері шеңберінде учаскелік комиссияның дауыс беру күніне дейінгі және сайлау күнгі жұмысы бойынша тәжіри­белік кейс­терді пысықтауға, сайлау құ­жат­тары­ның нысандарын толтыру тәртібіне, учаскелік комиссия мүшелерінің сайлау үрдісінің басқа қатысушыларымен өзара іс-қимылына басты назар аударылды. Іс-шараларға өңірдегі учаскелік сайлау комиссияларының 180-нен аса мүшесі қатысты.

Константин Петров алдағы сайлау науқандарына қаты­сатын пилоттық аудандар мен Ақтөбе қаласындағы сайлау учаскелерінің дайындығын да тексерді.

Биыл 29 қазанда 11 өңірдегі 21 округте шы­ғып қалған депутаттардың орнына мәс­лихат депутаттарын сайлау өтеді, ал 5 қарашада қанатқақты аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда 45 әкім сайланады.

Бөлісу:
Сайлауға дайындық талапқа сай ма? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар