Қоғам
1 мин оқу 320

Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай көмек көрсетіледі?

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысының әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан &laquo;АрселорМиттал Теміртау&raquo; АҚ жұмысшыларының отбасы мүшелерінің тізімін жасап жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға толыққанды көмек көрсетіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсетіледі. Атап айтар болсақ:

– компания қаражаты есебінен отбасыларға баспана сатып алу;

– моральдық зиян үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем;

– асырауында болған балаларға 18 жасқа толғанға дейін ай сайынғы сақтандыру төлемі (ЖОО студенті болса, 23 жасқа дейін);

– Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалақысына байланысты ай сайынғы төлем;

– қамқорлықтағы адамдардың санына байланысты асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

– жұмыс берушінің қаражаты есебінен отбасылардың несиелерін өтеу;

– жерлеуге байланысты барлық шығындарды өтеу;

– қаза тапқандардың балалары мен жұбайларын жұмысқа орналастыру;

– 23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысын төлеу;

– қаза тапқандардың жұбайлары мен балаларына санаторий-курорттық емделуге жолдамалар беру;

–  үйді пешпен жылытатын отбасыларға жыл сайын көмір бөлу.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында болады.

Бөлісу: