Айсұлтан Сейітовтің «Қаш» фильмі халықаралық сыйлыққа ұсынылды
<p>Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітовтің «ҚАШ» фильмі Польшада өтетін халықаралық фестивальдің қазылар алқасына үздік дебюттік фильм ретінде ұсынылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Режиссердің өзі аккаунтында фильмнің кадрларын жариялап, жанкүйерлері мен көпшілікке қуанышты жаңалығын жариялады.
«ҚАШ» толықметражды фильмімнің Camerimage фестивалінде үздік дебюттік жұмыс атағына ұсынылғанын қуана хабарлаймын», - деп жазды Сейітов.
Camerimage халықаралық кинематография фестивалі — поляк байқауы. Ол кинематографистер шығармашылығын сарапқа салуымен ерекшеленеді. 1993 жылдан бері жыл сайын өткізіледі. Фестивальдің бас жүлдесі – «Алтын бақа».
Осы жазда Айсұлтан Сейітов Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясында жүлде алды. Оған сыйлық «ҚАШ» картинасында жасаған жұмысы үшін берілді.