Қоғам
1 мин оқу 280

Костенко шахтасында 45 кеншінің мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша&nbsp;45&nbsp;кеншінің денесі табылды,&nbsp;1&nbsp;кеншіні іздеу жалғасып жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізіліп жатыр. Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталып жатыр.

Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.

Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды, онда:

- шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы;
- металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері;
- желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды.

Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Сонымен қатар Сырым Шәріпханов апатты тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді. Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында. 

Бөлісу:
Костенко шахтасында 45 кеншінің мәйіті табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар