Руханият
1 мин оқу 350

Қазақ – қашанда қазақ!

Қазақ – қашанда қазақ!

Құдайы келіп қалса қай қонағы,

Көңілі кім де болса жайланады.

Жарлының жалғыз лағы сойылса да,

Қазақтың дастарқаны бай болады.

ап

Көңілін падишамен тең етеді,

Ас-суын адалынан мол етеді.

Басқаның құс сүтінен бәрі болар,

Қазақы дастарқанға не жетеді!

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

Жоба авторы – Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ

Бөлісу:
Қазақ – қашанда қазақ! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар