Көрме
1 мин оқу 225

Суретшілерге шабыт берген экспедиция

<p style="text-align: justify;">Маңғыстауда мың бояулы сурет әлемінің шеберлері аз емес. Талай додалардан жүлде алып, туған елдің өткені мен бүгінін, ел мен жерді, ұлттық құн&shy;дылықтар мен тұрмыс-тіршілігімізді қаз-қалпында көз алдыңа көрікті кар&shy;тина етіп ұсынып жүрген суретшілер &ndash; тарихты қылқаламмен хаттау&shy;шы&shy;лар.</p>

Суретшілерге шабыт берген экспедиция

Маңғыстау суретшілері ізгі жобаны қолға алып, өздерінің біліктілігін арттыру мақсатында Астана қаласына экспедиция ұйымдастырды. Мемлекеттік грант аясында 2023 жылдың мамыр-шілде айла­ры аралығында «Отпантау-Ұлытау» тақырыбындағы шараны «Ақтау қалалық Суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігі мен Маңғыстау облысының мәдениет, мұра­ғат­тар және құжаттама басқармасы бірлесе ұйым­дастырды.

Аталған экспедиция аясында қыл­қа­лам шеберлерінің шығармаларын кең ауқымда таныту үшін арнайы іріктеу жүргізілді. Астанада әр өңірден келген суретшілер жұмыстарының «Күзгі вернисаж» атты көрмесінде «Отпантау-Ұлытау» суретшілер экспе­ди­циясының жұмысы қорытындыланды. Сондай-ақ суретші Аймұрат Таңатовтың айтуынша, биыл шіл­де­­де маңғыстаулық суретшілер Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарына сапарлап, киелі орындарды аралап, шеберлік сыныптарын өткізген.

– Экспедиция «Қорқыт ата – Қожа Ахмет Ясауи кешені – Отпантау – Сарай­шық – Бөкей ордасы» бағыттарын қам­ты­ды. Экспедиция бары­сында өңір сурет­шілері осы тарихи орын­дарда пле­нэр ұйымдастырды, – дейді суретші А.Таңатов.

Бұл еліміздің киелі өңірлері жаңа карти­на­­ларда бейнеленеді деген сөз.  

       

Маңғыстау облысы 

Бөлісу: