Спорт
1 мин оқу 460

Тұңғыш әлем чемпионы

<p style="text-align: justify;">Албания астанасы Тиранада өтіп жат&shy;қан&shy; 23 жасқа дейінгі балуандар ара&shy;сын&shy;&shy;дағы әлем чемпионатында жер&shy;ле&shy;&shy;сі&shy;міз Сұлтан Әсетұлы жеңімпаз атан&shy;ды.</p>

Тұңғыш әлем чемпионы

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қыз­метінің мәліметі бойынша, грек-рим күре­сінен 67 кг салмақта өнер көрсететін отан­дасымыз әлем біріншілігінің финалын­да­ түркиялық Мұстафа Йылдырыммен бел­де­сіп, аса тартысты өткен кездесуде Сұлтан қар­сы­ла­сын 2-1 есебімен тізе бүктіріп, 23 жасқа дейінгі балуандардың əлем чемпионатында топ жарған алғашқы қазақ балуаны атанды.

Сұлтан Әсетұлы жаһандық доданың іріктеу сайыс­тарында алдымен украиналық Олег Хали­лов­тан басым түсіп, кейіннен Стив Момилиа (Италия) мен Муслим Имадаевты (Ресей) жарыс жолынан ығыстырды. Жартылай финалда Әзер­байжан балуаны Хасан Маммадлиді айқын басым­дықпен тізе бүктіріп (9-0), финалға жолдама алды. Жарыстың кезекті күнінен кейін Алба­ниядағы әлем чемпионатында Қазақстан қор­жы­нын­да 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар. 

Бөлісу: