Елорда
1 мин оқу 275

Астанада жарық не себепті өшкені белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Қала әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов&nbsp;Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында қаладағы электр қуатының өшіп қалу себебін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Оның айтуынша, 29 қазан күні сағат 21:57-де 10 қалалық қосалқы станцияда электр қуаты істен шыққан.

«Қаланың оң жағалауындағы тұрғын үйлер жарықсыз қалды. Сағат 23.00-де әуежай қосалқы станциялары іске қосылды. Сағат 23.10-да Бәйтерек қосалқы станциясы да жұмыс істеді. Түнгі сағат 2.00-ге дейін барлық қосалқы станциялар жұмыс істеп тұрды», деді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Оның айтуынша, ЖЭО-2-де технологиялық бұзушылық болмаған, ол штаттық режимде жұмысын жалғастырған.

«Төтенше жағдай жетекші желілерде болды. Апат кабель үзіліп, шкафтардың бірі өртенуі себебінен болған. Бұл штаттан тыс жағдай болды, түнгі сағат 2-де барлық абонент электр қуатымен қамтамасыз етілді. 2 сағат бойы қаланың оң жағалауындағы кейбір әлеуметтік нысандар жарықсыз қалды. Барлық медициналық нысан бойынша дизель-генераторлар іске қосылып, уақытша жарық берілді. Төтенше жағдай кезінде дизель реанимацияны және операциялық блоктарды қамтамасыз етті. Медициналық мекемелердегі қызметке қауіп төнген жоқ», дейді ол.

Бөлісу:
Астанада жарық не себепті өшкені белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар