Футбол
1 мин оқу 302

Лионель Месси сегізінші рет «Алтын доп» иесі атанды

<p style="text-align: justify;">Белгілі футболшы Лионель Месси бұл атақты сегізінші рет жеңіп алды. Өткен маусымда &laquo;Интер Майами&raquo; клубында ойнаған Месси 53 матчқа қатысып, 32 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. Футболшы Аргентина құрамасы сапында да әлем чемпионы атанған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Еске салайық, шетелдік БАҚ бұл марапатқа үш үміткерді анықтаған еді. Олар Лионель Месси («Интер Майами», Аргентина), Эрлинг Хоаланд («Манчестер Сити», Норвегия) және Килиан Мбаппе («ПСЖ», Франция).

Сондай-ақ үздік ондыққа Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити», Бельгия), Родри («Манчестер Сити», Испания), Джулиан Альварес («Манчестер Сити», Аргентина), Илкай Гюндоган («Манчестер Сити»/Барселона, Германия), Винисиус Жуниор («Реал», Бразилия), Роберт Левандовский (Барселона, Польша) және Виктор Осимхен (Наполи, Нигерия) кірді.

Айта кетейік, Аргентина құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» командасының шабуылшысы Лионель Месси бұған дейін «France Football» журналы жариялаған «Алтын доп» наградасына 2009, 2019, 2021 жылдары ие болған еді. Сондай-ақ 2010, 2011, 2012, 2015 жылдары «ФИФА Алтын добының» жеңімпазы атанды.

Ал, 2022 жылы «Алтын доп» иегері Карим Бензема болған еді. 

 
Бөлісу: