Қорғаныс министрі Қытайдағы Сяншань форумына қатысып жатыр
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Бейжіңде жүр. Пекинде өтетін Х Сяншань форумында әлемдегі қауіпсіздікті сақтау саласындағы мәселелер талқыланбақ. Биыл оны Қытайдың халықаралық стратегиялық зерттеулер институты (CIISS) ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Сяншань форумына қорғаныс ведомстволарының, халықаралық ұйымдардың басшылары, белгілі ғалымдар, экс-саясаткерлер және жетекші сарапшылар шақырылған.
Халықаралық форум аясында Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов ҚКП Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары генерал-полковник Хэ Вэйдунмен кездесті. Оған сондай-ақ Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев та қатысты. Тараптар Қазақстан мен Қытайдың қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.
Сонымен бірге Бейжіңде Қазақстанның Қорғаныс министрі қару-жарақ пен әскери техника өндірісіне маманданған қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жұмысымен, олардың өнімдерімен танысуды жоспарлап отыр. Олардың қатарында СATIC ұлттық аэро-технологиялық корпорациясы мен қытайлық NORINCO cолтүстік өнеркәсіптік корпорациясы бар.