Олимпиада
1 мин оқу 140
Олимпиадаға жолдама алды
<p style="text-align: justify;">22 қазан – 2 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Чангвон қала­сында спорттық оқ атудан Олим­пиадаға жолдама үлестіретін Азия чемпионаты өтіп жатыр.</p>

Дүбірлі додада жерлесіміз Арина Алтухова келер жылы Парижде өтетін Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды.
Азия чемпионатында А.Алтухова тапаншамен оқ атуда 590 ұпаймен финалға шықты. Нәтижесінде, Арина 5-орынды иеленіп, Олимпиада квотасына қол жеткізді. Спорттың бұл түрінде 2 жолдама сарапқа салынған болатын.
Азия біріншілігінде 24 лицензиясы ойнатылады. Жарысқа 30 елдің 800-ден астам спортшысы қатысып жатыр.
Бөлісу: