Саясат
1 мин оқу 160

Маңызды құжат талқыланды

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста &laquo;Астанада (Қазақстан Республикасы) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік комитетінің жетпіс үшінші сессиясын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы келісімді ратификациялау туралы&raquo; заңды талқылады.</p>

Маңызды құжат талқыланды

Құжат Қазақстан мен Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы халық­аралық ынты­мақтастықты дамыту және нығайту мақсатында әзірлен­ген болатын. Келісім Қазақстан­да ДДҰ Еуропалық өңірлік комитеті­нің жетпіс үшінші сессиясын тиімді ұйымдас­тыруды және өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Сенаторлардың айтуынша заңды ратификациялау ДДҰ-ға мүше елдер арасында Қазақстанның беделін арттыруға ықпал ететін болады.

Сенат комитетінің мүшелері талқы­лау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:
Маңызды құжат талқыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар