V Бүкіләлемдік жауынгерлік ойындары мәресіне жетті
<p style="text-align: justify;">Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядта V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары аяқталды. Қазақстан делегациясы 12 алтын, 13 күміс, 23 қола медальдармен жалпы есепте 3-орын алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.</p>
Он бір күн аралығында 16 спорт түрінен 1500-ден астам спортшы 259-ы алтын, 259-ы күміс, 436-сы қола, жалпы саны 954 медальді сарапқа салды.
Айта кетсек, Эр-Рияд-2023-ке спортшыларын жіберген 120-дан астам елдің 87-сіне жүлде бұйырды.
Қазақстан делегациясы үшін Эр-Риядтағы жарыстың әр күні дерлік тарихи нәтижемен есте қалды. Мысалы, ойындар бағдарламасына алғаш рет қосылған қазақ күресі мен армрестлингтен Ұлттық құрама спортшылары командалық есепте 1-орын алды. Самбо мен грэпплингтен қоржынға World Combat Games-тің алғашқы алтыны түссе, каратэшілер бірінші рет жеңіс тұғырларынан көрінді. Жалпы ел намысын 10 спорт түрі бойынша 53 спортшы қорғады.
Айта кетелік, жауынгерлік өнер ойындарының жалпы рейтингісінде Қазақстан 37-інші орыннан жоғарылап, үздік ондыққа енді.