Өнер
1 мин оқу 220

Бірінші жүлдені иеленді

<p style="text-align: justify;">Атыраулық суретші Назерке Ищанова Ис&shy;панияда өткен ха&shy;лық&shy;аралық байқаудың бі&shy;рінші жүлдесін ие&shy;леніп, салтанатты мара&shy;паттау рәсіміне ша&shy;қырту алды.</p>

Бірінші жүлдені иеленді

«Атырау-Ақпарат» ЖШС-да баспа дизайнері болып жұ­мыс істейтін Н.Ищанова түр­лі картинаны электронды қа­ламмен планшетке салады. Биылғы қыркүйекте Испанияда өткен суретшілердің «Усы Дали» байқауының «Digital Painting» аталымына өз туын­дысын жіберген. «Бұл бай­қауға жаһанның 60 елінен 150 суретші қатысты. Мен 26-35 жас аралығындағы үміт­­керлер тобына «Бәрі бір адам­ның бастамасынан басталады» атты суретімді жіберген едім. Қазан айының басында суреттің тексерілгені, байқауға қабылданғаны туралы хабар алдым. Ал кеше халықаралық байқау қорытындысы бо­йынша бірінші жүлдені иелен­генімді хабарлады», дейді су­ретші.

Халықаралық байқаудың салтанатты марапаттау іс-ша­расы Испанияның Косто-Брава курортты аймағында алдағы жылдың наурыз-сәуір айында өтеді. Атыраулық су­ретші атал­ған іс-шараға ша­қырту алды.

Қазір оның жеке қорында 50-ден аса тарихи картина бар. Тарихи шығармаларды оқығанды, ұлт зиялылары мен ба­тырларының, Алаш арыс­та­рының өмірін, еңбегін зерт­т­еген­ді ұнатады. Еске сала ке­телік, бұдан бұрын атыраулық дизайнер Лондонда халықаралық байқаудың бірінші жүлдесін иеленгенді.

Былтыр «Мұнар күн» картинасы Лондон қаласында өткен «Алтын таланттар уақыты» ха­лықаралық бай­қауы­ның бірін­ші жүлдесін ие­ленді. Бұл байқау 2007 жылдан бері тұрақты өтеді.

Бөлісу:
Бірінші жүлдені иеленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар