Қоғам
1 мин оқу 262

Мәскеудегі қазақ мерейі

<p style="text-align: justify;">Ресейдегі Қазақстанның елшілігінде &laquo;Шәкәрім &ndash; Абай мұрасының ізбасары&raquo; атты дөңгелек үстел өтті. Абай аманатына адалдық танытып, көкжиегін кеңейткен қазақ ойшылының 165 жылдық мерейтойы Ресейде өтуіне Қазақстанның елшілігі мұрындық болды.</p>

Мәскеудегі қазақ мерейі

Шәкәрімтанудың түбі ар ілімі ғана емес, қазақтану, мұ­сылмантану болып кете беретіні белгілі. Семейдегі Шәкәрім уни­верситеті ақын мұраларының дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқаны және бар. Дөң­гелек үстелге арнайы ша­­­қырылған университет жа­­нындағы «Шәкәрім» му­зейі­нің басшысы Тұрдықұл Шаң­бай «Шәкәрім феномені» та­қырыбында сөз сөйлегенде осыған тоқталды. Отандық ғы­лымның олжасына айналмақ «Шәкәрімтану мәселелері» атты іргелі сериялық ғылыми жи­нақты да аталған университет шығару үстінде.

Семейдегі Шәкәрім универ­ситетінің түлегі Айжан Аман-ж­ол дайындаған «Шакарим. Избранное» жинағымен қа­тар, «Шәкәрім» тұлғалық энцикло­педиясы мен Мұхтар Ма­ғауин­нің дайындауымен 1978 жылы Ленинградта жарық көр­ген «Поэты Казахстана» жи­нағын ел­шілікке сыйға тартты.

Мәдени-ғылыми іс-шара барысында Тұрдықұл Шаңбай Шәкәрім шығармаларын орыс тілінде Мәскеуден шығару ту­ралы бастама көтерді. Қазақ­станның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Дәу­рен Абаев қолдайтынын жет­­кізді. «Художественная ли­те­ратура» баспасының бас редакторы Г.Пря­хинмен бірлесе ақын шығармаларын шығару жөнінде келісім жасалды.

Қазақ мәдениеті мен өнерін насихаттауда Ресейдегі Қа­зақстан елшілігі бірқатар жобаны іске асырып жатыр. Осы дөңгелек үстел үстінде «Трис­та казахских сказок» ат­ты екі томдықтың тұсаукесер рәсімі өтті. Аталған іс-шараға жа­зушы, халықаралық журналист В.Снегиров, әдебиеттанушы ғалым В.Огрызко, жазушы Г.Пря­­хин сынды бір топ ресейлік зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Бөлісу:
Мәскеудегі қазақ мерейі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар