Қоғам
1 мин оқу 520

Елімізде қандай да бір дінге қатысы бар екенін жасыратындар көбейген

<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросы &laquo;2021 жылғы халық санағының&raquo; қорытындысын <a href="https://stat.gov.kz/news/ltty-statistika-byurosy-2021-zhyl-y-sana-orytyndysy-boyynsha-khaly-ty-ltty-ramy-zh-nindegi-ta-yrypty/">жариялады</a>. Онда&nbsp;&nbsp;Қазақстан халқының ұлттық құрамы, діні және тілдерді меңгеруі бойынша деректер жарық көрді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Соңғы екі санақ аралығындағы кезеңде исламды ұстанатын халықтың үлесі қатты өзгерген жоқ – 69,3%, христиан діні – 17,2%, буддизм мен иудаизм – 0,1%. Еш дінге сенбейтіндер үлесі 2,8%-дан 2021 жылы 2,3%-ға дейін төмендеді.

Санақ қорытындысы бойынша респонденттердің 11% қандай да бір дінге қатысы барын көрсетуден бас тартқан. 2009 жылғы санақ кезінде мұндай бас тартқандардың үлесі 0,5% болған еді.

Бөлісу: