Қоғам
1 мин оқу 163

Дала қыранын құтқарып қалды

<p style="text-align: justify;">Қанатты жыртқыш Қостанайдың іргесіндегі Амангелді кентіндегі тұрғын үйдің ауласынан табылды. Өзіне таяп қалған адамды көрген бүркіт әуелде ұстатпай үркіп, әуеге көтерілмек болған екен, ұша алмапты.&nbsp;</p>

Дала қыранын құтқарып қалды

Бір бұрышта бүрісіп жат­қан бүркітке жалғыз жа­қындап барудан тайсалған үй иесі «Ikomek» орталығынан жәрдем сұраған. Көп ұзамай қыран қонған үйге орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының маманы Рустам Бидібаев, «Қостанай ЗооПульс» қоғам­дық бірлестігінің жетекшісі Викт­ория Машидиева, та­биғат қорғау полиция­сы­ның капитаны Қанат Шиқанов жетеді.

Бүркіт бірден ұстата қой­мағанмен, адам аңдыса, алмай қоймайды. Құсты қа­лың матамен қақпақылдап жүріп орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инс­пекторы Рустам Бидібаев ұс­тап алған.

«Бұл – Қызыл кітапқа енген дала қыраны. Орнитолог мамандар бүркіттің шамамен бір жарым жаста екенін айтып отыр. Дала бүркіттері, әдетте, осы өңірден сонау Иран­ға дейін ұшып барады. Ме­кен ететін ареалы өте кең. Қырандар негізінен қияны мекендейді. Елді мекендерге өте сирек қонады. Бұл бүр­кіт жемтігін қуып жүріп, жазатайым қанатын қайырып алуы мүмкін, – дейді Рустам.

«Қостанай ЗооПульс» қо­ғамдық бірлестігінің же­тек­шісі Виктория Маши­дие­­ваның айтуынша, ұша алмай қалған қыранды қа­зір ветеринарлық кли­ни­ка­лардың бірі тексеріп жатыр. Ветеринар мамандар құстың қос қанатын рент­ген­ге түсірмек. Егер ауыр жа­рақат алғаны анық­тал­са, қанаты әбден қатай­ған­нан кейін ғана еркіне жі­беріледі.

Қостанай облысы 

Бөлісу:
Дала қыранын құтқарып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар