Мәдениет
2 мин оқу 250

Арқадағы ән-думан

<p style="text-align: justify;">Дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақсыгелді Кемаловтың &laquo;Айбоз ғұмыр асқақ ән&raquo; атты шығармашылық кеші Кеншілер мәдениет сарайында дүркіреп өтті. Өнер кешіне қазақ әнінің абызы Қайрат Байбосынов бастаған небір дүлдүлдер жиналды.</p>

Арқадағы ән-думан

Естуіміз бар, өнер көшінде жүрген ағалар Жақсыгелді Ке­маловқа «мұз жарғыш ке­ме» деген атақ беріпті. Неге десеңіз, сексенінші жыл­­да­ры қазақтың класси­ка­лық әнін жаңа белес­ке шы­ғар­ған дарындардың бірі – Жақан сері. Ол Біржан сал, Ақан се­рілердің бүгінгі жалғасы. 

Сол Жақаң кештің шымыл­дығын сұңқар Сәкеннің «Тау ішінде» әнімен түрді. Саң­лақ Сәкеннің әнін әсерлі орын­да­ғанда қадірменді тыңдарман қауым қошемет қылды. «Қы­зыл асық» шырқалғанда кең залдың ішін тіпті, қиқу бас­ты. Домбыра да шебер шер­тіле түсті, әнші де дауысын жайқалта әуелетті. Ақжарма тілектің көшін облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов бастады.

– Сіз кешегі даланың қа­сиетін бойына сіңірген көш­пендінің рухын ша­рық­татып жүрген да­ра тұл­ғасыз. Бүтін елге құрмет­тісіз. Өзіндік мектеп қалып­тастырған ұстазсыз. Жасай бе­ріңіз, – деді  Бауыржан Қоңыр­байұлы.

Кешке арнайы келген Пар­ламент Мәжілісінің депутаттары Аманжол Әлтаев пен Жа­­нар­бек Әшімжан да жылы ле­біз­дерін білдірді.

Кеш барысында әншіге «Жаңа­арқа ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды.

– Жақан аға, туған топы­рағыңыз сізбен әрқашан мақ­танады. Кешегі серілердің, дүл­дүл­дердің жалғасысыз. Осы атақты табыс­тау мәртебесі маған бұйырды. Ауыл­­­дағы елдің ықыласын, сә­­лемін қабыл алыңыз, – деді Жаңаарқа ауданының әкімі Қанат Қожықаев.

Кеште Абай атын­дағы Мем­­­л­е­кеттік сыйлықтың лау­реат­тары Серік Ақсұңқарұлы мен Ға­лым Жайлыбай лебіз­дерін өлеңмен жеткізді.

Кешті кемеліне келтіре жүр­гізген ақын, филология ғы­лым­дарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов:

– Мәдениет сарайының ал­дыңғы қатарында абыз ақ­сақал Жайық Бектұров отырушы еді. Сол Жәкең ақсақал Жақ­сыгелдіні сахнадан түсір­мейтін. Күш-қуаты тая бас­таған әл­сіз қолын қайта-қай­та кө­теріп: «Әй, Жақан, «Еділ мен Жайықты» шыр­қашы» деп қоңыр үнімен қарлыға да­уыстай­тын. Қоңыр домбыра күм­бірлеп сала береді. Көз ал­ды­ңызға Жайықты жағалап келе жатқан Төлегеннің боз жор­ғасы елестейтін. Әсіресе Жақаң әнді бастамас бұрын дом­­бырасын жор­ғалата шер­тіп, тың­даушының жүрегін еріксіз баурап алатын, – дейді.

Әншінің шәкірттері шоқ­тығы биік классикалық әндерді шырқады. Кешінің нүктесін Тәттімбет атындағы ака­демиялық қазақ халық ас­пап­тарының оркестрі қойды.

Қарағанды облысы 

Бөлісу:
Арқадағы ән-думан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар