Үкімет
1 мин оқу 171

Бюджет кірістерін ұлғайту жоспары

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Әлихан Смайылов Парламент Мәжілісінде өткен брифинг барысында мемлекеттік бюджет кірістерін арттыру бағытындағы жоспарланған шаралар туралы айтты.</p>

Бюджет кірістерін ұлғайту жоспары

Әлихан Смайылов атап өткендей, Үкімет алдында Ұлттық қордан бөлінетін трансферттердің мөлшерін азайту және оны келешек ұрпаққа сақтау міндеті тұр.

«Сондықтан мемлекеттік бюд­жеттің кірісін көбейту қажет. Бірін­шіден, бұл мақсатта кедендік және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру шаралары қабылдануда. Екіншіден, біз көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бойынша жұмыс істеп жатырмыз», деді Премьер-министр.

Оның айтуынша, тағы бір бағыт – салық мөлшерін, атап айтқанда, ЖТС және ҚҚС арттыру.

«Қосылған құн салығына келетін болсақ, ол біріншіден импортталған тауар­лардың бәсекеге қабілеттілігін төмен­детеді. Ал отандық тауарларға келе­тін болсақ, біздің шаруалар қосыл­ған құн салығын төлемейді. Бұл орайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін компаниялар 70% мөлшерде жеңілдік алады. Бұл жеңілдіктер сақталады. Микро және шағын бизнес қосылған құн салығын төлеушілер қатарына кірмейді», деді Ә.Смайылов.

Сондықтан отандық негізгі азық-түлік тауарларын өндірушілерге бұл ешқандай кері әсер етпейді. Сонымен қатар аталған шара республикалық бюджет кірістерін шамамен 2 трлн теңгеге арттыруға мүмкіндік береді.

«Онда біз, әрине, Ұлттық қордан тартылатын трансфертті осы көлем­де азайтамыз», деп түйіндеді сөзін Премьер-министр.

Бөлісу:
Бюджет кірістерін ұлғайту жоспары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар