Баға
1 мин оқу 280

Газ бағасы кезең-кезеңімен жоғарылайды

<p style="text-align: justify;">Таяуда тілшілерге берген сұхбатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған мұнай газының қазіргі бағасы өзіндік құнынан төмен екенін айтып, болашақта біртіндеп қымбаттайтынын жеткізген болатын. &laquo;Осылайша, сұйытылған мұнай газының бағасын кезең-кезеңімен, бірден өсіп кетпейтіндей етіп өзіндік құнына дейін жеткіземіз.</p>

Газ бағасы кезең-кезеңімен жоғарылайды

Бұл нарық ойыншыларының шығынына жол бермеу үшін керек. Қазақстанда қазір баға диапазоны бар. Бір литрі – 50-80 теңге аралығында. Дегенмен бұл өнімнің өзіндік құны – кемінде 110 теңге. Қазір ол бағаға бірден көтермейміз, кезең-кезеңімен соған жеткіземіз»,  деді министр.

Расында да, кейінгі күндері еліміз бойынша сұйытылған газға сұраныс арт­ты. Автогаз құю бекеттерінде кезек  күткен көлік қарасы көбейген. Біреу­лер мұ­ның себебін жөндеу жүргізіліп жатқан Атырау мұнай өңдеу зауытымен ті­ке­­­лей бай­ланыстырады. Қоры сарқыла бастаған кейбір бекет қожайындары лимит қойып әупірімдей бастаса, енді біреулері талон енгізіп, амалдауға көш­кен. Қалай десек те, жолда жүрген жандар үшін жанар-жағармай мен газ­дың тапшы болмағаны һәм қымбаттамағаны жақсы. Біз осы мәселені егжей-тег­жей білу мақсатында өңірлердегі көлік газы бағасының жай-күйін бағамдап көрдік.

Бөлісу:
Газ бағасы кезең-кезеңімен жоғарылайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар