Қаржы
1 мин оқу 363

Доллар арзандап, мұнай қымбаттады

<div class="description" style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасы (KASE) ұсынған деректерге сәйкес, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,81 теңгеге төмендеп, 465,14 теңге болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 63,59 теңге (-0,28) болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 497,34 теңге, рубльді 5,05 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 465,1 - 467,7 теңге, еуро 493,5 - 497,5 теңге, ресей рублі 4,95 - 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бүгінгі саудада әлемдік мұнай бағасы кқымбаттады.

Мәселен, Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,4%-ға өсіп, барреліне 87,19 доллар болды. Ал WTI мұнай фьючерстері 0,5%-ға өсіп, барреліне 82,87 доллар болды.

Бөлісу: