Елорда
1 мин оқу 260

Астанада жаңа маршрут іске қосылады

<p style="text-align: justify;">Ертеңнен бастап елордада &laquo;Үркер&raquo; тұрғын алабы &ndash; &laquo;Нұрлы жол&raquo; теміржол вокзалы арасында жаңа №66 бағыт іске қосылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Жаңа бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді. Осылайша елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасы жақсарады.

Сондай-ақ Үркер ТА мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Ж.Нәжімеденов, Керей-Жәнібек хандар, Қ.Мұхамедханов көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді, сондай-ақ Үркер тұрғын алабы ішіндегі қоғамдық көлікпен қамтуды арттырады.

Айта кету керек, №66 бағдар қолданыстағы № 14, 35, 36, 45, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтады.

Бөлісу: