Аймақтар
1 мин оқу 160

ШҚО-да 240 тонна пішенді өрт шалды

<p>Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы шаруа қожалығында 240 тонна пішенді өрт шалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің жазуынша, Алтай ауданы Малеевск ауылындағы шаруа қожалығының аумағында пішен тұтанып кеткен.

Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері жедел келіп жетті. Ол уақытта 28 тонна пішенді от шарпып жатқан.

Тілсіз жаумен күреске орманшылар, жақын маңдағы шаруа қожалықтарының жұмысшылары мен ауыл халқы тартылды.

"Олардың қажырлы және үйлесімді жұмысының арқасында өрт ауыздықталды. Нәтижесінде, 240 тонна пішенді сақтап қалды", делінген ақпаратта.

Өрттің шығуына қасақана өрт қою немесе отты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:
ШҚО-да 240 тонна пішенді өрт шалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар