Бүгін елімізде 45 әкім сайланады
<p style="text-align: justify;">Бүгін, 5 қарашада пилоттық режимде 42 аудан мен облыстық маңызы бар үш қала әкімдерін сайлау өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ОСК мағлұматы бойынша сайлау Абай облысының Курчатов, Қарағанды облысының Приозерск және Қостанай облысының Рудный қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы, Шортанды аудандарында; Ақтөбе облысының Ырғыз, Қобда, Ойыл аудандарында; Алматы облысының Балқаш, Жамбыл, Исатай, Қызылқоға аудандарында өтеді. Атырау облысының аудандарында; Шығыс Қазақстан облысының Алтай және Глубокое аудандарында; Жамбыл облысының Жуалы, Тұрар Рысқұлов аудандарында; Жетісу облысының Кербұлақ және Сарқан аудандарында; Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы, Қаратөбе, Тасқала аудандарында; Қарағанды облысының Ақтоғай, Осакаров аудандарында; Қостанай облысының Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандарында; Қызылорда облысының Сырдария және Шиелі аудандарында; Маңғыстау облысының Бейнеу, Ақтоғай, Железин аудандарында, Павлодар облысының Шарбақты, Есіл, Мамлют аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында; Түркістан облысының Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандарында, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында сайлау өтеді.