Аймақтар
1 мин оқу 230

Жетісу облысында 94 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

<p style="text-align: justify;">Жетісу облысына қарасты Кербұлақ және Сарқан аудандарында әкімдерді пилоттық режимде сайлау басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Жетісу облысы аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше аудан әкімдерінің сайлауы бойынша барлығы 94 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, соның ішінде Кербұлақ ауданында – 60, Сарқан ауданында - 34. Екі  аудандық аумақтық комиссиялардың 21 мүшесі, учаскелік сайлау комиссияларының 538 мүшесі сайлауға жұмылдырылған.

Екі аудандағы жалпы сайлаушылар саны 54 634 адамды құрап отыр, нақты атап айтқанда, Кербұлақ – 27 787 адам, Сарқан – 26 847 адам.

Еске салайық, мұндай сайлау елімізде алғаш рет өтіп отыр. Бүгін сайлау еліміздің 3 қаласы мен 42 ауданында жүріп жатыр.  

Бөлісу:
Жетісу облысында 94 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар