Оқиға
1 мин оқу 370
Үш күн хабар-ошарсыз кеткен жасөспірім қыз табылды
<p style="text-align: justify;">Семей полицейлері 2 қараша күні сағат 08:30-да колледжге сабаққа кетіп, одан кейін оралмаған 15 жастағы Валерия Ефанованы тапты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап. </p>
Туыстары полицияға оның жоғалып кеткенін 4 қарашада ғана хабарлаған. Полициямен және жоғалған жасөспірімнің туыстары түні бойы қаланы тексеріп іздеген. Тек сағат 12:00-ге қарай полицейлер қызды тапты.
Қызбен және оның заңды өкілімен психологтардың қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.
Оның мінез-құлқы Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралады.
Бөлісу: