Соғыс ардагері аудан әкімі сайлауында дауыс берді
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысына қарасты Созақ ауданында екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаев аудан әкімін сайлау шарасына қатысып, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> аталған облыстың өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.</p>
Созақ ауданы дамуына ғұмырын арнаған ардагер Сызған ауыл округіндегі №701 сайлау учаскесінде өз таңдауын белгілеп, «сайлау әділ өтсін» деп бата берді.
«Еліміздің, ауданымыздың болашағы үшін әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан 90-нан асқаныма қарамастан мен де таңсәріден келіп, таңдауымды жасадым. Саяси науқаннан тыс қалмадым. Қашанда еліміз аман, бейбітшілік заман болсын», деген майдангер сайлау комиссиясының жұмысына табыс тіледі.