Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы ауысты, ол кім?
<p>Орта салмақта жұдырықтасатын кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (9-0, 11К) қарсыласы ауысты. Отандасымыз 17 қараша күні Ташкентте чилилік Хулио Аламоспен (17-1, 9К) рингке шығады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Хулио Аламос өзінің соңғы кездесуін орта салмақта IBO чемпиондық белбеуі үшін өткізген. Қазіргі уақытта ол Boxrec рейтингінде әлем бойынша 23-орында тұр.
"Бұл кездесуде орта салмақта WBC Middleweight Elimination деңгейінде, яғни кездесудің жеңімпазы WBC чемпионына міндетті қарсылас болады. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланып отыр", деп жазды Adal Promotions компаниясы.
Айта кетейік, Мейірім бұған дейін неміс боксшысы Винсент Файгенбутцпен жұдырықтасады деп күтілген еді. Алайда қарсыласы жарақат алып, жекпе-жектен бас тартты.