Қазақстан таеквондошылары халықаралық турнирде 13 медаль алды
<p style="text-align: justify;">Исламабадта (Пәкістан) өтіп жатқан халықаралық Asian Open Championship G2 турнирінде Қазақстан таеквондошылары 5 алтын, 1 күміс, 7 қола, барлығы 13 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Таеквондо Федерациясының инстаграм арнасына сілтеме жасап.</p>
Алтыннан алқа таққандар:
Наргиз Қойшыбекова (-46 кг)
Мария Севостьянова (-57 кг)
Жавохирхан Исламов (-58 кг)
Нұрай Хусайнова (-67 кг)
Жансель Дениз (+73 кг)
Күміс медаль иегері:
Айдана Еділбаева (-46 кг)
Қола жүлде иеленгендер:
Арайлым Асқарова (-57 кг)
Самирхон Абабакиров (-58 кг)
Жадыра Хайруллина (-67 кг)
Бексұлтан Мұсахан (-68 кг)
Эльдар Бірімбай (-68 кг)
Диана Абсенова (-73 кг)
Нұрбол Ерсайынов (-87 кг)