Қоғам
1 мин оқу 250
Су мәселесін шешуге арналған екі басқарма құрылады
<p style="text-align: justify;">Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңадан құрылатын екі басқарма көрші елдермен су мәселесін шешеді. Бұл туралы осы салаға жауапты министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. </p>

Су ресурстары және ирригация министрлігінің жанынан екі жаңа басқарма құрылады. Олардың бірі Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас мәселелерімен шұғылданса, екінші басқарма Қытай және Ресеймен тіршілік нәріне қатысты байланысты нығайтады. Қазақстандағы суармалы жердің 80%-ы оңтүстік өңірге тиесілі. Ендеше жер емген диқандардың суға деген зәрулігін тудырмаудың бір жолы – Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажет. Сондықтанда жаңадан құрылатын қос басқармаға артылар жүк те салмақты болмақ.
Бөлісу: