Теннис
1 мин оқу 140

Чемпион атанған отандасымыз әлем үздіктерінің қатарын толықтырды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан теннисшісі Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирінің бас жүлдесін еншіледі. Жағымды жаңалықты Қазақстан теннис федерациясы хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жұқаев финалда дүниежүзілік рейтингте 376-орында тұрған 20 жастағы Эйдан Мейомен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте отандасымыз брейк жасай білді – 6:3.

Екінші сетте Бейбіт тағы бір брейк жасап, америкалық қарсыласын артта қалдырды – 4:2. Ақыры қазақ спортшысы матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Б.Жұқаев 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Осы жеңісінің арқасында Бейбіт үздік 200 теннисшінің қатарына еніп, Қазақстанның Александр Бубликтен кейінгі екінші ракеткасы атанады.

р

Бөлісу:
Чемпион атанған отандасымыз әлем үздіктерінің қатарын толықтырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар