Ауа райы
1 мин оқу 2,921
Қар қашан жауады? Синоптиктер болжамы
<p style="text-align: justify;">7-9 қарашада еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. 8-9 қарашада республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.</p>
Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
«Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде ауа температурасы 0-8 аяздан күндіз 0-5 градусқа дейін көтеріледі, шығыста 2-13 аяздан 0-8 градусқа суық күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 2-5 градустан 3-10 дейін жылы ауа райы күтіледі», делінген хабарламада.
Бөлісу: