Сайлау
1 мин оқу 240

Жаңа сайланған әкімдердің орташа жасы қандай?

<p style="text-align: justify;">2023 жылғы 5 қараша күні алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті. Осы тұста Орталық сайлау комиссиясы науқан қорытындыларын <a href="https://www.election.gov.kz/kaz/news/releases/index.php?ID=9121" target="_blank" rel="noopener noreferrer">ұсынды</a>, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өкілеттіктерге сәйкес облыстардың мәслихаттары сайлау өткізу үшін 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланың тізбесін бекіткен еді. Барлығы 1553 сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

«Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді. Сайлаушылардың келуі - 62,79 пайызды құрады. Сайланған әкімдердің орташа жасы 46,7 жасты құрайды. Сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Сайлау процесін бақылауды 8500-ге жуық кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, байқаушылары мен БАҚ өкілдері жүзеге асырды», делінген ОСК хабарламасында.

Бөлісу:
Жаңа сайланған әкімдердің орташа жасы қандай? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар