Ойыннан от шығады: екі бала 82 тонна шөпті өртеп жіберді
<p style="text-align: justify;">Абай облысында екі бала сіріңкемен ойнап отырып, 82 тонна шөпті өртеп жіберді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Оқыс оқиға Ақсуат ауданында болды. Жергілікті тұрғынның қысқы мал азығына деп жиған 82 тонна шөпті мектеп жасындағы екі бала ойнап отырып өртеп жіберген.
Жәбірленушіге келген шығын мөлшері – 4 миллион теңге. Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ағат әрекеті үшін келген шығынды олардың заңды өкілдері өтейді.
ҚК-нің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетсек, егер ата-анасының бақылауынан тыс қалған балалар от тұтатып, өрттен біреу жапа шексе, онда ата-аналар баласы үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.