Теңгенің 30 жылдығына арналған арнайы монеталар соғылды
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталары айналымға шығатынын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Еске сала кетсек, 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасына 30 жыл толады.
«TEŃGEGE 30 JYL монетасының дизайны цифрлық технологияларды дамыту тұрғысынан «₸» теңге белгісін пайдалануға негізделген. Белгінің сол жағындағы ою-өрнек даму мен өркендеуді, сондай-ақ ұлттық болмыс пен нақышты білдіреді», делінген банк хабарламасында.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
