Бокс
1 мин оқу 141

Аламоспен айқасады

<p style="text-align: justify;">Орта салмақтағы қазақтың танымал кәсіпқой боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов 17 қарашада Ташкентте өтетін жарыста германиялық Винсент Файгенбутцпен күш сынасуға тиіс еді.</p>

Аламоспен айқасады

Алайда күні кеше оның жарақат алғаны белгілі болды. Содан WBC басшылары Фай­генбутцті алмастыратын былға­ры қолғап шеберін іздестіруге кірісті. Бұл мәселе дереу өз шешімін тапты. Енді Мейірім Чилидің өкілі Хулио Аламоспен айқасады. Ол – өте мықты қарсылас. 32 жастағы Сантьягоның тумасы кәсіпқой рингте алты жылдан аса жұдырықтасып жүр. Алғашқы 16 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған Хулио тоғыз бәсекелесін айқын басымдықпен ұтты. Соңғы рет биыл жазда италиялық Этинос Олихамен кездесіп, оған ұпай санымен есе жіберді. Сөйтіп, чилилік спортшы IBO нұсқасы бо­йынша алтын белбеуді иелену мүмкіндігі­нен айырылды.
Ал Өзбекстанның астанасында ұйым­дастырылатын кеште жеңіске жеткен боксшы WBC нұсқасының чемпиондық тәжіне таласу құқығына ие болады. Ал бұл атақ әзірге АҚШ өкілі Джермалл Чарлоға тиесілі.

Бөлісу:
Аламоспен айқасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар