Футбол
1 мин оқу 196

Мальтаға қарсы ойнайды

<p style="text-align: justify;">Футболдан Қазақстанның жас&shy;тар құрамасы &laquo;Еуро-2025&raquo; ірік&shy;теу тур&shy;ниріне даярлығын ертең Астанада бас&shy;тайды. Ал 16 қарашада жерлестеріміз сырт алаңда Мальтамен шеберлік байқасады.</p>

Мальтаға қарсы ойнайды

Аталған матч қарсаңында команда­ның аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәуле­тов­тің таңдауы мына ойыншыларға түсті: Қақпашылар – Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Никита Пивкин («Елім-ай»), Данил Карпиков («Шахтер»). Қорғаушылар – Әділбек Жұмаханов, Ерсұлтан Қалдыбе­ков («Атырау»), Александр Широбоков, Сұлтан Асқаров, Лев Кургин («Қайрат»), Саламат Жұмабеков («Астана»). Жартылай қорғаушылар – Нұрғайни Бөрібаев («Тұран»), Мейрамбек Қалмырза («Оқжетпес»), Давид Есімбеков («Жетісу»), Абылайхан Назымханов, Айбар Абдолла («Шахтер»), Нұрәлі Жақсылық («Астана»). Шабуылшылар – Сэйф Попов («Қайрат»), Денис Митрофанов («Ислочь», Беларусь).

Ал Дамир Қасаболат, Егор Ткаченко, Әділет Сәдібеков («Қайрат»), Әділхан Добай («Мақтаарал»), Бейбіт Ғалым («Тобыл») және Иван Свиридов («Шахтер») қосалқы құрамға енді. 

Бөлісу: