Қазақстанның жасөспірім теннисшілері әлем чемпионатын жеңіспен бастады
<p style="text-align: justify;">Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Billie Jean King Juniors Finals турнирін Қазақстан қыздар құрамасы жеңіспен бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Марат Шәріповтің шәкірттері алғашқы кездесуінде Аргентина теннисшілерін ұтты.
Бірінші болып кортқа шыққан отандасымыз Полина Слепцова (224 ITF Juniors ranking) Соль Айлинді (117 ITF Juniors ranking) 7:6 (9:7), 6:3 есебімен жеңді.
Екінші ойында Анастасия Крымкова (576 ITF Juniors ranking) Жозефина Эстевистен (271 ITF Juniors ranking) 6:1, 3:6, 6:1 есебімен айласын асырды.
Жұптық сында Іңкәр Дүйсебай мен Анастасия Крымкова қарсыластарына есе жіберді - 5:7, 6:4, 10:12. Жалпы есепте 2:1 ұпайымен біздің жасөспірімдер жеңіске жетті.
Командалық әлем чемпионатының «В» тобында Ұлыбритания мен Қазақстан құрамалары алда келеді. Ұлыбритания өкілдері бірінші ойында Бразилия спортшыларын 3:0 есебімен ұтты.
Бүгін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Бразилия теннисшілеріне қарсы ойын өткізеді.